Елімізге қыстың саршұнақ аязы енді келген сияқты. Бірақ, соны біле тұра кейбір білім ордаларының іші тастай суық. Тіпті, оқушылар қабат-қабат сырт киім киіп отыруға мәжбүр. Ай мен күннің аманында мектептің іші дала болып тұрғаны қаншалықты рас? Арнамызға хабарласып журналистерден көмек сұраған ата-аналардың назын тыңдап қайтқан тілші Нұрсейіт Жылқышыбай толықтырсын.
Білім ордасының қабырғасы қаланғанына 25 жыл болған. Алайда, сырты бүтін болғанымен ішіндегі жағдайларды ауызбен айтып жеткізу қиыннның қиыны. Қабырғалары жарылған, терезелері қапталмаған. Ал, жылыту батерияларының тот басып тұрғанына қарап қабырғаң қайысады. Сала мамандарының сөздерінше, күрделі жөндеу қажет етеді дейді.
«Мектеп ескі, әлі осы күнге дейін құрылыс жұмыстары жүргізілмеген. Жылына отыз тонна керосин бізге бөлінеді. Соны жағып шығамыз. Ешкім сатпайды оны»,- деді Әймен ауылы орта мектебінің директоры, Анар ҚОЖАНОВА.
Бұл мектептің іші белгісіз себептермен дұрыс жылжымайтын көрінеді. Оны өз көзімізбен көрдік. Балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналардың сөздерінше, «мемлекеттің бюджетінен жылда бөлінетін 30 тонна керосин білім ордасына дұрыс жетпейді»,- деп отыр.
«Қаңтар айынан бастап мектептің іші қара тас болды. Суықтан жаураған балалар жылы киініп отыруға мәжбүр. Білім ордасындағы температура +4 градус болды. Шынын айтқанда минусқа да түсіп кетті деуге болады. Балалардың денсаулығына қатты алаңдаймыз»,- деді Әймен ауылының тұрғыны, Людмила КУРДЮМОВА.
Айтқандай, Еңбекші қазақ ауданының әкімі, Бинали Әбдіқапасұлы мен жергілікті ауыл әкімі Асыл Изиев Әймен ауылындағы орта мектепте халыққа есеп беріп жатқандарына да куә болдық. Ақ жағалылар барлық әлеуметтік мәселелерді шешетіндіктеріне уәде берді.
«Мектептің жылу температурасын қадағалап отырмыз. Қанша күніне керосин кететінін де бақылауда ұстаймыз. Болашақта қаражат бөлінсе жылыту жүйелерін және күрделі жөндеуден өткіземіз»,- деді Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Бөлек ауылдық округінің әкімі, Асыл ИЗИЕВ.
Алайда, жергілікті шенділерге жиналған жұртшылық улап - шулап ішіндегі базыналарын түсіндіруге тырысты. Айтуларынша, «ауылымыздағы мал дәрігері өзіне тисілі жұмысты мүлдем дұрыс атқармайды», әлі күнге дейін көгілдір отын мен ауыз суға жарымай отырғандарында жоққа шығармады. Ал, ауыл әкімі Асыл Изиев бұл қордаланған мәселелерді жоспарға сәйкес міндетті түрде шешіледі деп көпшілікке сөз берді.