|
14.05.2018 | 14:48
4305

Бас мүфти жамағатты Рамазан айында қайырымды істер жасауға шақырды

Бас мүфти жамағатты Рамазан айында қайырымды істер жасауға шақырды

Еліміздің Бас муфтиі кәсіпкерлерден  қасиетті Рамазан  айында халыққа қажетті азық-түлік бағасын арзандатуды сұрады. Ал құптан намазын оқу  түнгі сағат он екілерге қарай аяқталатындықтан Алматының орталық мешітінен жамағатты таситын  автобустар жүрмек. Қоғамдық көлік төрт бағытта -  Алматы вокзалы ауданына, Достық даңғылымен жоғары, «Думан» шағын ауданына және «Сайран» автовокзалы бағытында қатынайды. Алматыдағы 49 мешіттің 45-інде  тарауық намазы оқылып, барлық мешіттерде күнделікті ауыз ашар берілмек.

Бұған дейін Рамазан айы 16 мамырда басталатыны жарияланған еді. Бірақ  оразаға небәрі екі күн қалғанда Діни басқарма қасиетті айдың туар күні өзгергенін мәлімдеді. Тіптен діни қызметкерлер астрологтардың көмегіне де жүгінген. Осы өзгеріске орай, мұсылман қауымға барынша анық ақпарат жеткізу мақсатында біз  Бас муфти Серікбай қажы Оразбен байланысқа шығайық.

-Серікбай қажы Сатыбалдыұлы,кеш жарық! Оразаның әуелгі жарияланған  мерзімнен бір күнге кеш басталуын қандай себеппен түсіндірер едіңіз?  

- Бисмилляхиррахманиррахим. Рамазан айы Қазақстан діни мұсылмандары ғұламалар кеңесінің шешімімен, шариғат талаптарына сай, сонымен бірге біздің отандық ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми негізіне сүйене отырып,  16 мамыр кешке ниет етіліп, 17 мамыр  Рамазан айының бірінші күні болып жоспарланған. Демек, бұл осындай  бір күнге  өзгеріс болуының себебі, басым көпшілігі  болған әлемдегі мұсылман алғашында 16-да бастаймыз деп жоспарлаған болатын. Бірақ жақындаған уақытта  айдың нақты арнайы аспаптармен көруіне байланысты анықталғандықтан, басым көпшілігі мұсылман елдерінде және біздің көрші елдерде де осылай жоспарланып отыр.  

-Алматыда 49 мешіт болса, соның барлығында ауыз ашар берілмек екен. Жамағатқа, ауыз бекіткен мұсылманға осы мешіттерде  ауыз ашар береміз деген  қайырымды жандар болса, олар сіздерден рұқсат алу керек пе?

-Обылыс орталықтары және Алматы, Астана қалаларымызда да, сонымен бірге аудан орталықтарында да мүмкіндігінше мешіттер жанында ауыз ашар рәсімін өткізетін барлық мүмкіндіктер жасалған. Рамазан айын қастерлеп, жарапазан айту  бабаларымыздан келе жатқан дәстүрімізбен сабақтасқан. Сондықтанда ауыз ашар беру тәртіптері алдын ала кезекпенен күнтізбенің аясында өтініш қылып алып, жүздеген адамға  ауыз ашарлар жоспарлануда. 

-Тарауық намазының кеш аяқталуына байланысты  Алматының орталық мешітінен қоғамдық көліктер  түнгі сағат он екіге дейін жүрмек екен? Бұндай шара өзге өңірлерде, қалаларда  қарастырылған ба? 

-Мұсылман қайырымды ізгі жан. Осы мақсатта бірнеше түрлі акциялармен  Алматы, Астана және облыс орталығындағы қалаларда жүйелі түрде құптан намаздарынан кейін үйлеріне емен-еркін жету үшін  көлікпен қамтамасыз ету жоспарымызда бар.

-Ғазіретті қажы, ораза 30 күнге емес, 29 күнмен аяқталмақ екен. Өзгеріске байланысты қасиетті Қадір түні қай күнге сәйкес келіп отыр?

-«Айды көріп ұстаңдар, айды көріп бекітіңдер» деген пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай, шариғаттың талабы бар. 17 мамыр Рамазанның алғашқы күні, 14 мамыр соңғы күні. 15 маусым Алла бұйыртса Ораза  айттың бірінші күні деп  жоспарланып отыр. 11-нен 12 -маусымға қараған кеш Қадір кеші деп жоспарланған. Берекелі Рамазан айында мен отандастарымызды, кәсіпкерлерді және қолынан қандайда мүмкіндік келген барша азаматтарымызды осы ұлық айдың құрметіне  халықтың тұтынатын азық-түлік немесе басқада тұтынатын тауарлардың бағасын мейілінше  төмендетіп, не болмаса жеңілдетуге шақырамын.

-Әмин, рахмет! Ораза  айына байланысты өзгерістер мен қағидаларды  түсіндіріп берген еліміздің бас муфтиі Серікбай қажы Ораз болатын. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир