Алматыда еріктілер өзен, көлдердің жағасын тазалауды қолға алды

Алматыда еріктілер өзен, көлдердің жағасын тазалауды қолға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда еріктілер өзен, көл мен су қоймаларының маңынан пластик бөтелкелерді жинауды қолға алды. Ал оларды қайта өңдеуден өткізіп, орнына қоқыс жәшігін орнатып бермек. "Мөлдір су" деп аталатын акция аясында 30-дан астам адам Алматы әуежай маңындағы көлдің жағасын тазалады. Көппен бірге қоқыс терген әріптесім Жадыра Омаржан жалғастырсын.

Бұл Түрксіб ауданына қарасты Алматының әуежай маңындағы көл. Дәл осы аумақты еріктілер бекер таңдап алмапты. Өйткені, алдын-ала жүргізілген зерттеу кезінде қаладағы лас көл екендігі анықталған. Ал жобаға қатысушыларды судың жағасынан бөлек, ішінің де қоқысқа толып кеткені ашындырды. Сондықтан, көл бетіндегі қалықтаған тұрмыстық қалдықтарды қолдары жеткен жерге дейін тазалап шықты. Айта кетейік,  "Мөлдір су" акциясы аясында еліміздегі тек өзен мен көл маңы және су қоймаларының маңы тазартылады.

Бұл жолғы акцияның ерекшелігі сол еріктілерге бірден мынандай екі қаптан берілді. Олар біріне пластикті жинай болса, ендігісіне қоқысты жинап өтеді. Бүгінгі жоспарға сәйкес, 500 келі пластик жинап, қайтадан өңдеуге жіберуді көздеп отыр.

«Судың сыртынан бөлек, іші де қоқысқа толып кеткен. Оны толықтай тазартуға тырыстық. Өзімізбен бірге тырма алып алдық. Қол жеткенше көлдегі тұрмыстық қалдықтарды жинадық. Мұндай жобаларға өз еркіммен қатысып тұрамын. Қала тұрғындарын жан-жақты шашпай, қайта бірігіп жинауға шақырамын»,- деді Ерікті, Наталья ФИЛИПЕНКО.

Аталған жобаның іске асқанына биыл 2-ші жыл. Алматыда басталған акция еліміздің бірнеше қалаларын да жалғасын табады. Оның қатарында Қарағанды, Атырау, Петропавлск қалалары мен Алакөл бар. Еріктілер іріктеп жинаған қоқыстарын арнайы мекемеге өткізеді. Нәтижесінде, шашылып жатқан пластиктер өңдеуден өтіп, орнына қоқыс жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Бұл қалдықты кәдеге жаратудың айқын көрінісі деп отыр жобаға қатысушылар. Сондықтан халықтың табиғатқа келгенде селқостық танытпауларын сұрайды.

«Біз өзіміз тазалаған жерлерге тақтайшалар орнатып жүрміз. Халық соны көріп бір мәрте қоқыс тастарда ойланса дейміз. Ал біздің қатарымызға қосылып, көмектескісі келгендер кез келген уақытта бізге хабарласа алады. Әлеуметтік желіде жариялаған ақпараттық хабарламада телефон нөмірлеріміз бар»,- деді Компания корпоративтік қатынастар қызметінің басшысы, Надежда ОВСЯННИКОВА.

Былтыр жоба аясында 30 тоннаға жуық қоқыс жиналған. Оған бас-аяғы 300-ге жуық адам жұмылдырылды. Оның қатарында, еріктілердің ұйымдары мен студенттер бар.

Жадыра Омаржан, Әсет Құндақпаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров