Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы байқау өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біргеміз, берік іргеміз. Осындай ұранмен Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы байқау өткізді. "Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан шараға этномәдени бірлестіктер өкілдері атсалысты. Қатысушылар ассамблея тарихы, елімізді мекендеген этностардың салт-дәстүрлері туралы білім сайысынан  өтті. Сондай-ақ, көрермендер арасында қазақ халқының әдет-ғұрпы мен мәдениеті тақырыбында викторина ұйымдастырылды. Белсенді көрермендер жүлдемен марапатталды.

«Біздің республикамыздағы Қазақстан халық Ассамблея дүние жүзінде бірде-бір мемлекетте жоқ мекеме. Сондықтан, осы Ассамблеяның тарихы, Алматы қаласында тұрып жатқан этностардың тарихы, этностардың салттары, «Рухани жаңғыру» не екенін, осындай жолмен түсіндіру мақсатында - жастардың арасында конкурс өткізіп жатырмыз», - деді Алматы қаласы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ директоры Жанат МҰРЫНОВА.

Новости партнеров