|
11.01.2022 | 13:35
5700

Халықтың табысы көтерілуі керек – Президент

Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет

Халықтың табысы көтерілуі керек – Президент Фото: ашық дереккөзден

Халықтың барлық тобының табысы экономика өсіміне қарай көтерілуі керек. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаматтардың көптеген маңызды мәселесі шешілген жоқ. Халықтың барлық тобының табысы экономика өсіміне қарай көтерілуі қажет. Елде құрылған әлеуметтік-экономикалық жүйе ұлттық табысты қамтамасыз етуде айтарлықтай тиімділігін көрсетті. Бірақ оны бөлу тиімсіз болып отыр. Сіздер мұны жақсы түсінесіздер және білесіздер», деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, ең алдымен еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет.  

«Экономикалық саясатымыздың мақсаты айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту. Бұл жүйенің өзегінде қоғам  алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер», деп түйіндеді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир