21 сәуірде сағат 13.00-ден бастап Алматы қаласында жаңбырдан кейін 22 сәуірде жалғасатын қар жауа бастады. Қар жауған кезеңде таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға 10-12 см, ал қалаға 6-8 см қар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
21 сәуірде сағат 22.00-ден бастап көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді. 243 тонна арнайы материал пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Қар тазалау жұмысына 395 техника бірлігі, оның ішінде 136 құмлақтырғыш пен 965 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын 22 сәуірде түске дейін болады деп күтілуде.