Алматының коммуналдық қызметіндегі жаңа техника қол еңбегін азайтуға септігін тигізеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Барлығы қалада қызмет көрсететін 1084 бірлік арнайы техника және 1240 жұмысшы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Санитарлық тазалық жүргізудің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен «Алматы тазалық» МКК үшін жолды тазартуға арналған мамандандырылған техника мен тракторлардың жаңа буыны сатып алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коммуналдық мекеменің гаражы тазалауға арналған 12 техникамен толықты:

– 6 конвейерлік-вакуумдық сыпыру машинасы – сыпыру ені 3,5 метрге дейін жетеді. Бұл техника жапырақтарды, қоқықты тазалау үшін өте ыңғайлы. Енді осындай 23 машина Алматының негізгі көшелеріне қызмет көрсетеді, оның 17-сі 2023 жылы қалалық бюджет есебінен сатып алынған.

– Жолдар мен тротуарларды тазалауға арналған 6 трактор – шөмішінің ені 2,5 метр, щеткасы 1,8 метр.

«Жаңа техника қол еңбегін азайтуға мүмкіндік береді, өйткені бір машина 30 адамды алмастырады, ауысымына жылдамдық пен жинау өнімділігін 100 мың м2 дейін арттырады. Сонымен қатар, шуы аз, сапалы түрде тазартады, шаңдатпайды. Тракторлар қыста қарды тырмалау мен көктайғаққа қарсы материалдарды себуге пайдаланылады», – дейді Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкенов.

Жалпы, биыл тағы 20 бірлік техника сатып алу жоспарланып отыр:

- 5 электр сыпырғыш-жинау машинасы - дыбыссыз жұмыс істейді, бұл оларды түнде пайдалануға мүмкіндік береді

- 3 сұйық реагент шашқыш – көктайғаққа қарсы қолданылады

- 2 ассенизатор машинасы– еріген суды соруға арналған

- 10 аралас жол машинасы– жол тазалауға арналған.

Анықтама: қалада 2 318 көше санитарлық мақсатта тазаланады. Барлығы қалада қызмет көрсететін 1084 бірлік арнайы техника және 1240 жұмысшы бар.

Еске салсақ, биыл 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясы барысында депутаттар Алматы қаласының аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Ереже қыста және жазда аумақтарды, көше-жол желілерін жинау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Новости партнеров