|
18.06.2020 | 16:05
4035

Сағынтаев алматылықтарды экологиялық ақпараттандыру жобасын іске қосты

Қала тұрғындарын мегаполистің әр аумағындағы ауа сапасы туралы хабардар ететін жоба

Сағынтаев алматылықтарды экологиялық ақпараттандыру жобасын іске қосты twitter.com/sagintayev_b

Алматыда  қала тұрғындарын мегаполистің әр аумағындағы ауа сапасы туралы хабардар ететін жоба іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында қалалықтардың қоршаған ортаның жағдайы, соның ішінде ауаға қатысты хабардар болу деңгейін арттыру үшін экологиялық жобаның іске қосылғандығы туралы жазды.

«Атмосфералық ауаның сапасын LED экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді», – деп хабарлады Б. Сағынтаев.

Ақпарат 26 датчик арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңарады. Қосымша тағы 10 мониторингтік станциялар қосылатын болады.

Мәліметтер ауаның негізгі алты  көрсеткіштерінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірттің дикосиді, азоттың дикосиді, азоттың оксиді, көміртегінің оксиді, фенол.

Бұл жоба Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр және қаланың экологиялық ахуалын жақсартудың кешенді шараларының бірі  болып табылады.

Еске салсақ, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айтылған.


LED экрандардың орналасуы (49)

Әл-Фараби - Назарбаев

Әл-Фараби - Қаратаев

Әл-Фараби - Есентай со

Әл-Фараби - Қожанов

Әл-Фараби - Жароков

Әл-Фараби - Розыбакиев

Әл-Фараби - Науаи

Әл-Фараби - Дулати

Әл-Фараби - Сырғабеков

Әл-Фараби - Марков

Әл-Фараби - Ремизовка (мешіт)

Достық - Жолдасбеков (Dostyk Plaza)

Әл-Фараби - Сейфуллин

Шығыс айналма жолы - Аstoria

Шығыс айналма жолы - Төле би

Шығыс айналма жолы - 1-інші жаяу жүргіншілер көпірі

Шығыс айналма жолы - Maqan hotel

Сейфуллин - Попов

Әл-Фараби - Гагарин

Әл-Фараби - Ариал гольфклубы

Шығыс айналма жолы - 3-інші жаяу жүргіншілер көпірі

Әл-Фараби - Ремизовка (lexus)

Назарбаев - Жібек жолы

Назарбаев - Абай (uib)

Төле би - Қайырбеков

Сейфуллин - Сәтбаев (форум со)

Достық - Luxor

Назарбаев - Жамбыл

Розыбакиев - Малахов (Мега)

Жароков - Әл-фараби (Бавария)

Темирязев - Сейфуллин

Достық - Оспанов

Достық - Таулы қырат

Әл-Фараби - Есенәлиев

Достық - Қажымұқан (Алатау қонақ үйі)

Достық - Қажымұқан (5 қалалық аурухана)

Назарбаев даңғылы - Қажымұқан

Саин - Жандосов

Саин - Абай

Абылай хан - Гоголь

Сейфуллин - Сәтбаев

Темирязев - Сейфуллин

Достық - Жолдасбеков


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир