Алматыда тағы екі маршруттағы автобустар жаңартылды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және электр қуатымен жүретін 100 автобус сатып алу жоспарланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қоғамдық көлікті экологияландыру жұмыстары аясында тағы екі бағыттағы автобустар жаңартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

№52 маршрутта орташа дизельді автобустардың орнына «Foton» маркалы сыйымдылығы жоғары газбен жүретін автобустар жүре бастады. Сонымен қатар автобустардың жолаушылар тасымалына жоспарлы шығуы жұмыс күндері 16-дан 25 бірлікке дейін, демалыс күндері 14-тен 20 бірлікке дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде жоспарлы аралық жұмыс күндері 11-ден 9 минутқа дейін және демалыс күндері 14-тен 11 минутқа дейін қысқарды.

Сондай-ақ қала тұрғындарының өтініші бойынша №24 маршрутқа «Yutong» маркалы сыйымдылығы жоғары автобустар шығарылды. «Өжет ш/а -Солтүстік» – «Экобекет» қатынасындағы маршруттағы жылжымалы құрамның саны 12 бірлік, жоспарлы қозғалыс аралығы - 15 мин.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа маршрут, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елдімекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және  электр қуатымен жүретін 100 автобус сатып алу жоспарланып отыр.

Новости партнеров