Алматыда Мохнатка және Горельник тауларының беткейі нығайтылады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Жартастың құлауынан жартылай зақымдалған қорғаныс қабырғасы бөлшектелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ерболат Досаев «Медеу – Шымбұлақ» жолындағы тастардың құлауы салдарынан болған залалдарды жою жұмыстарымен танысты. Тастардың қайта құлауы мүмкіндігіне байланысты беткейлерді нығайту, нөсер жүйесін салу және жолды жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин қала басшысына тау бөктеріндегі нығайту жұмыстары бойынша мәселе жоспарлы түрде шешіліп жатқанын баяндады.2023 жылдың қазан айында «Медеу – Шымбұлақ» жолындағы құлаған тастардың салдарын жою жұмыстары басталды. Жартастың құлауынан жартылай зақымдалған қорғаныс қабырғасы бөлшектелді. Мохнатка және Горельник тауларының баурайынан шамамен 80 мың м2 тас шығарылды және 21 мың м3 жер үйінділерден тазартылды.

Ерболат Досаев жұмыстарды белгіленген мерзімде - 2024 жылдың тамызға дейін аяқтауға тапсырма беріп, бұл мәселе қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда биыл «Көктөбеде» денсаулық жолы ашылады

Новости партнеров