|
16.01.2024 | 11:24
1155

Алматыда қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алматыда қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының коммуналдық қызметтері қар тазалау үшін 400-ден астам техника бірлігі мен мыңдаған жұмысшы жұмылдырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

14-15 қаңтарда Алматы қаласында биіктігі 4,5 мм жаңбыр мен сілбі қар түрінде жеңіл жауын-шашын болды, 15 қаңтарда сағат 22:00-ден бастап қар қатты жауа бастады. 16 қаңтарда сағат 10:00 -де қалада 8 см-ге дейін қар жауды, Каменское платода - 26 см, Шымбұлақ пен Үлке Алматы өзенінде - 46 см.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында 156 құм таратқышпен көктайғаққа қарсы материалдар (КҚМ) себілді. 16 қаңтарда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 3 450 тонна КҚМ пайдаланылды.

Түнгі кезеңде қарды жол полициясының патрульдік машиналарын ерткен 11 колонна күреді. Қазіргі уақытта жол жиектері қардан тазартылды әрі қарды сыртқа шығару жұмысы ұйымдастырылды.

176 бірлік шағын көлемді жинау техникасының күшімен тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді механикаландырылған жинау жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жерүсті өткелдерін жұмысшылар тазартуда. Қардан тазартуға 438 бірлік техника мен 1 110 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир