|
10.09.2024 | 11:28
1074

Түрксіб ауданында жаңартылған демалыс аймағы пайда болады

Бүгінгі таңда көгалдарды төсеу және шағын сәулет формаларын орнату жұмыстары жалғасуда

Түрксіб ауданында жаңартылған демалыс аймағы пайда болады қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Аудан тұрғындарының өтініші бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында «Жұлдыз» шағынауданындағы аллея жаңартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жобада жайлы демалыс үшін қоғамдық кеңістік құруға барлық жағдайлар қарастырылған:  25 шағын сәулет формасымен балалар және спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер жолы, 60 орындық пен қоқыс жәшігі, 114 көше жарықтандыру шамдары, жасыл желектерді автоматты суару жүйесі.

Жаңарту жұмыстары қолданыстағы абаттандыру нысандарына да әсер етеді – учаскеде  орналасқан баскетбол алаңын толығымен қалпына келтіру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда көгалдарды төсеу және шағын сәулет формаларын орнату жұмыстары жалғасуда.

Жұмыстардың аяқталуы уақыты қыркүйек айының соңына дейін жоспарлануда, ағымдағы жылы Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет»  бағдарламасы бойынша 52 абаттандыру жобасы іске асырылуда.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы – бұл тұрғындар мен әкімдіктердің бірлесіп, жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын жоба.

Тұрғындардың өзі абаттандыру бойынша ұсыныстарын ұсынып, жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн-дауыс беру арқылы жеңімпаздар анықталады.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл осы бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемі 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Оқи отырыңыз: Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир