Алматыда қала қонақтары мен тұрғындары үшін 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Республика Сарайының аумағында жаңа жылдық фестиваль өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Фестиваль аясында Абай алаңында 26 сәндік кіші сәулет пішіндер (КСП), түрлі дүкендері мен мейрамханалары бар 30 үй, сондай-ақ фотоаймақтар орнатылды, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер жоспарланған:
Негізгі мәдени шара 31 желтоқсанда «Астана» алаңында – сағат 21:00-ден 23:50-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Кештің жүргізушілері Данияр Батырбаев, Дәулет Бижанов және Анара Батырхан. Сахнада Абай Бегей, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Рано Омарова, Парвиз Назаров, Luina, Асхат Тарғын, Димаш Дәулетов, Нұрсұлтан Нұрбердиев, «Орда», Ninety One, «КешYоu», «Жігіттер», «Шамис» топтары, Бүркіт пен Аиша, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев өнер көрсетеді. Президенттің құттықтау сөзінен кейін қалада 10 минутқа дейін созылатын мерекелік отшашу болады.
Жаңа жылдық қысқы фестиваль жаңа жылдық сыйлықтар бойынша тамаша идеялары бар қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілердің өздері жасаған ағаш ойыншықтар, зергерлік бұйымдар, балауыз шамдар, тоқылған аксессуарлар, сыйлықтарды безендіру, ересектер мен балаларға арналған киім-кешектер ұсынатын жаңа жылдық жәрмеңкеге жалғасады.
Еске салсақ, қаланың бас шыршасы Абай алаңында орналасқан, оның биіктігі 22 метр, 350 ойыншық және 10 мың мерекелік гирляндалармен безендірілген.
Қалада барлығы 8 жасанды шырша қойылған, олар мына жерлерде орналасқан:
Медеу, Алмалы аудандарында және «Астана» алаңында фудкорт үйлері мен нүктелері орналасқан. Панфилов және Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде «жұлдызды аспанның» 2 сегменті безендіріліп, 12 тақырыптық КСП және 4 фото аймақ орнатылды. Тұңғыш Президент саябағында жаңа жылдық стильде безендірілген 8 аймақ ұйымдастырылған. Қала бойынша биіктігі 1-ден 2,5 метрге дейінгі ертегі кейіпкерлерінің 40 көлемді фигурасы орнатылды.
Алматыда 5 тегін мұз айдыны ашылған – Тұңғыш Президент саябағының алдында, Республика Сарайының алдында, Әуезов ауданындағы Ықылас 9 мекенжайдағы Таугүл ықшамауданында, Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында Шұғыла шағынаауданы, 347-де, Түрксіб ауданындағы Сейфуллин көшесі, 13 мекенжайдағы №6 Оқушылар үұй алдында. Жақын арада Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында тағы бір мұз айдыны ашылады.
Мұз айдындарына кіру – тегін, конькиді бір сеанста жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңгені құрайды. Конькимен келгендер үшін коньки тебу тегін. Беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді. Жаңа жылдық іс-шаралардың толық кестесі Алматы қаласы мәдениет басқармасының (@almatymadeniet) Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланған.