|
15.06.2023 | 11:30
1805

«Каменское плато» шағынауданындағы су тапшылығы: қашан жаңа ұңғымалар салынады

Бұл жағдай қала әкімдігінің бақылауында

«Каменское плато» шағынауданындағы су тапшылығы: қашан жаңа ұңғымалар салынады Almaty.tv

Алматыда Медеу ауданы әкімдігі мен «Алматы Су» МКК өкілдері «Каменское плато» шағынауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның барысында суық сумен жабдықтау мәселесін шешу жолдары түсіндірілді.

Еске салсақ, «Каменское плато» шағынауданында су тапшылығы  соңғы 5 жылда байқалды. Осы елдімекеннің тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жер асты суларының көзінен жүзеге асырылады – бұл мұндағы үш скважина. Мамандар су қысымының төмендеуінің негізгі себебін осы аймақтағы халықтың өсуімен байланыстырады. Скважиналардағы су деңгейі 2,5 есе төмендеді – жобалық 150 м3/сағ-тан 60 м3/сағ-қа дейін және су деңгейінің төмендеуі жалғасуда.

Бұл мәселені шешу үшін 2023 жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ТЖ желісі бойынша екі жаңа су көздерін (4 скважина) жайластыру және іске қосу, сондай-ақ халыққа су беруді ұлғайту үшін модульдік станциялары бар жаңа резервуарлар мен магистральдық құбырлар салу жөніндегі жобаны әзірлеу басталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары мамыр айында басталып, ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Жобаны іске асыру «Каменское плато», «Көлсай», «Юбилейный» және «Мұзтау» шағынаудандарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жұмыстар аяқталған соң жобаның келесі кезең «Каменское плато» шағынауданын қолданыстағы сумен жабдықтау желілерімен қосу болады. Ол үшін су құбыры мен кәріздің тарату желілерін салу бойынша жоба әзірленді, ол жүргізілген құрылыс-монтаждау жұмыстарын ескере отырып түзетілетін болады. Жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған.

Қазіргі уақытта тұрғындарға су беру проблемаларына байланысты күнделікті қосымша тасымалдау ұйымдастырылды. Бұл жағдай қала әкімдігінің бақылауында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир