Алматыда әкімдіктің қолдауымен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының 15 бөлімшесі жұмыс істейді. Бұл туралы Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Клубта аз қамтылған отбасылардан шыққан 1-4 сыныптардың 981 баласы тегін оқытумен қамтылды, 169 адам педагогтармен жұмысқа орналастырылды, оның ішінде халықтың осал топтарынан 132 бала бар.
Балалар негізгі мектеп пәндері бойынша білім алады: қазақ, орыс және ағылшын тілдері, сондай-ақ математика және IT-технологиялар; қосымша би, қолөнер, шахмат және домбыра ойнауды үйренеді.
Алматыда 40 230 көпбалалы отбасы бар, оның ішінде 5 827 көпбалалы ана «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған.
Оқи отырыңыз: Алматыда жыл соңына дейін 15 мың нысан паспортталады