Алматы Іскерлік кеңесі ірі бизнесмендер үшін диалог алаңына айналды. Мегаполисте әкімдік пен кәсіпкерлік субъектілері арасында сындарлы диалог орнағандығына Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин сенімді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде спикер Алматы қаласы әкімі жанындағы Іскерлік Кеңес осы ынтымақтастықтың жарқын дәлелі болып табылатынын хабарлады. Ол қолайлы бизнес-климатты дамыту үшін құрылған және әртүрлі салалардағы ірі бизнес өкілдерін – қаржы, бөлшек сауда, машина жасау, қонақүй және мейрамхана салаларын біріктірді.
Бүгінде Іскерлік кеңестің құрылымында мегаполис үшін жеті басым бағыт бойынша сегіз салалық комитет бар: «ақылды қала», шетсіз қала, бастамаларға арналған қала, қауіпсіз қала, «жасыл» қала, мәдени креативті қала, Қазақстанның іскерлік астанасы. Биыл 30-ға жуық отырыс өткізілді.
"Өткен жылы пандемия кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Іскерлік кеңеспен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, дағдарысқа қарсы қолдау шаралары әзірленді. Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға бірқатар өзгерістер енгізілді – қаржыландыруды ұлғайту, салалық шектеулерді алып тастау, микро және шағын кәсіпкерлікті несиелендіру үшін жаңа бағыттарды енгізу", – деді Е. Оразалин.
Сондай-ақ «Алматы бизнес» өңірлік бағдарламасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар қабылданды, оның ішінде Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб сияқты қаланың белсенді емес аудандарында бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында 6% республикалық біріздендірілген мөлшерлеме аясында оларға 5%-бен кредит беру мүмкіндігі берілді.
Бұдан өзге, дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Алматы Финанс» ЖШС және «Алматы» МҚҰ» ЖШС екі қаржы институтындағы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-дан 6%-ға дейін төмендетілді, ең жоғары сома 300 млн-нан 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, кепілсіз несиелеу енгізілді және салалық шектеулер алынып тасталды.
Е. Оразалиннің айтуынша, бүгінде Іскерлік кеңес өкілдері қаланы дамытудың ірі жобалары – Алматы қаласын дамыту тұжырымдамасын, Big Apple: Үлкен Алматы – реформалар локомотиві және т. б. жобаларды әзірлеуге және іске асыруға белсене қатысуда.