Шағын және орта бизнес - экономиканың негізін қалаушы және Алматының басты жұмыс берушісі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы мәслихатының XVI сессиясында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиын барысында Ерболат Досаев бүгінде Алматы қаласы әкімдігінің маңызды міндеттерінің бірі мегаполистің экономикасын қалпына келтіру және өршіп тұрған геосаяси тәуекелдер жағдайында оны одан әрі дамыту екенін жеткізді.
«Қаланы қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру және оның келбетін бұрынғыдан да жақсарту қажет. Биылғы жылдың 3-20 ақпан аралығында мен қаланың барлық ауданын аралап, тұрғындармен және бизнес өкілдерімен кездесулер өткіздім. Соның негізінде әкімдік қала бюджетіне енгізілетін өзгерістерді дайындады. Шағын және орта бизнес экономиканың негізін қалаушы және Алматының басты жұмыс берушісі болып табылады, себебі онда қаланың әрбір үшінші тұрғыны еңбек етеді. Осыған байланысты, шағын және орта бизнесті қалпына келтіру және келтірілген залалды өтеу жұмысы әкімдіктің басым міндеті»,- деді қала әкімі Ерболат Досаев.