|
21.05.2024 | 11:59
1399

Шешімін тапқан мәселе: Ерболат Досаев Бостандық және Алмалы ауданындағы бірқатар нысанды аралады

Алмалы ауданында тұрғындардың өтінішімен сквер салынады

Шешімін тапқан мәселе: Ерболат Досаев Бостандық және Алмалы ауданындағы бірқатар нысанды аралады Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық және Алмалы аудандары тұрғындарының инфрақұрылымдық және әлеуметтік мәселесін шешу барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық және Алмалы аудандарын жоспарлы аралау барысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде сумен жабдықтау желілерін салу, мектептерді жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді көркейту жобаларын іске асыру барысымен танысты.

Бостандық ауданы Марков көшесіндегі жаңартылып жатқан ұзындығы 1,2 км құбыр қала әкімінің назарына іліккен өзекті мәселенің бірі. Бұл желі 50-ші жылдардың соңында пайдалануға берілген, қазір әбден тозып, істен шығып, сумен қамтуда сыр беріп отыр. Былтыр басталған жұмыс мердігердің кесірінен кешіктірілді, соның салдарынан оны жауапсыз жеткізуші деп тану туралы талап қойылды. Бұдан басқа, қала құрылысын бақылау басқармасы мегаполис басшысының тапсырмасымен компания алдындағы міндеттенің орындалуын тексереді.

Ерболат Досаев нысанды тезірек пайдалануға беруді және қазу орнында асфальт төсемді қалпына келтіруді тапсырды. Жаңартылған құбыр 43 көппәтерлі тұрғын үйді және ауданның 6 әкімшілік ғимаратын сапалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алмалы ауданындағы Волховская көшесінде орналасқан сумен қамту станциясының да жағдай мәз емес. 32 жылдан астам уақыт бойы жөнделмеген нысан апат мен сумен қамтудағы үзіліске себеп. Мәселені түбегейлі шешу үшін қала басшысы станцияны жабдықты ауыстырумен және ғимаратты жөндеумен қайта құруды тапсырды. Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын осы жылдың маусым айында бастау жоспарланған. Қайта құру 4 көпқабатты үйдің 500-ден астам тұрғынын тұрақты әрі сапалы сумен қамтамасыз етеді. Айта кетейік, ауданда Әйтиев пен Төле би көшесінің бойындағы апатты жағдайдағы екі сорғы станциясы қалпына келтірілді.

Қалада білім беру нысандарына күрделі жөндеу және сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 30 жыл бұрын салынған №70 мектеп бар. 2022 жылы жөндеу жұмыстары басталды, бірақ мердігер мерзімді бұзды. Сол үшін оған айыппұл салынды. Ерболат Досаев ішкі әрлеудің кемшіліктеріне зер салып, мектепті жабдықтауға ерекше назар аударуды, кіреберістегі нөсер суын бұруды, сондай-ақ жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жұмысты аяқтауды тапсырды.

Бұған дейін хабарланғандай, Сайран су қоймасының аумағын ауқымды абаттандыру жалғасуда. Қала әкіміне ескірген конструкциялар мен сәулет нысандарын сүру жұмыстары аяқталғаны туралы баяндалды. Жоба аясында демалыс аймақтарын құруды көзделген, мұнда алғаш рет екі жағалауды байланыстыратын понтонды өткелдер орнатылып, лотос отырғызылады. Көгалдандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жаңартылған жағалау қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс орталығына айналады.

Сондай-ақ Алмалы ауданында тұрғындардың өтінішімен тозығы жеткен нысандардың орнына Сейфуллин даңғылы мен Мәметова көшесінің қиылысында ауданы 0,3 га жаңа сквер салынады. Мегаполис басшысы әлеуметтік жауапкершілік аясында инвестор есебінен жүзеге асырылатын жобаны қарап шықты. Жұмыс биыл қазан айында басталмақ.

Ұзақ уақыт қараусыз қалған қалалық кеңістіктердің де екінші тынысы ашылады. Мысалы, Абай даңғылының бойындағы Тұрғыт Өзал көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі бөлу жолағында жөндеу жұмыстары 15 жыл бұрын жүргізілген. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша мұнда жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылып, суару жүйесі орнатылады. Жоба осы жылдың күзінде жүзеге аспақ. Ерболат Досаев қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау үшін сапалы материалдар мен көше жиһаздарын пайдалану қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар «Халық қатысатын бюджет» бойынша Мәметова көшесі, 29/41 мекенжайы бойынша аула жөнделді. Қала басшысы аумақты аралап, қала тұрғындарының көркейту және жайлы қала ортасын құру жобаларына қатысуының маңыздылығын атап өтті. Айтпақшы, бұл аула 60 жылға жуық уақыт бойы мұндай жөндеу көрмеген.

Сапар барысында Алматы әкімі сейсмологиялық бақылау мен зерттеудің ұлттық ғылыми орталығына, №14 жаңғыртылған кітапханаға, инклюзивті білім алу үшін барлық жағдай жасалған Алматы технологиялар және флористика колледжіне барды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерісті түсіндірді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир