|
21.01.2021 | 12:18
4079

Алматыда тамақ өнімдерін сертификаттау саласындағы аккредиттеудің жаңа бағыттары жөнінде айтылды

Бүгінгі таңда ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеудің жаңа схемаларын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде

Алматыда тамақ өнімдерін сертификаттау саласындағы аккредиттеудің жаңа бағыттары жөнінде айтылды Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеудің жаңа бағыттарын енгізуде. Жақын арада мемлекеттік сараптамадан өтетін «Халал» өнімі де жаңа өзгерістерге тап болды. Стандарттау және аккредиттеу саласындағы жаңашылдықтар туралы ӨКҚ брифингінде Алматы Ұлттық аккредиттеу орталығы өкілдігінің басшысы Виктор Томасевич айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінгі таңда ұлттық аккредиттеу орталығы аккредиттеудің жаңа схемаларын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде: агроөнеркәсіптік кешен, медицина және менеджмент жүйесі саласында. Бұл осы салаларда жыл сайын көрсетілетін қызметтердің өсуіне байланысы және соған қарай сәйкестікке бағалау жүргізу қажеттілігі туындайды.

«Сауда орталықтары мен дүкендердегі сөрелерде „Халал“ таңбасы бар өнімдер өте көп. Өнімге таңбалауды „Халал“ сертификаттау жөніндегі органдар салады. Кейбір жағдайларда өндірушілердің өзі ұқсас белгіні қояды. Қазіргі уақытта Қазақстанда екі ұлттық стандарт қабылданды, бірақ сертификаттау органдарын үйлестіру үшін заңнаманың болмауына байланысты ел аумағындағы кез келген кәсіпорын өздерінің білімі мен іскерлігін негізге ала  отырып, „Халал“ стандарттары бойынша жұмыс істей алады», — деп хабарлады Виктор Томасевич.

Қазіргі таңда Қазақстанда «Халалды» үшінші тараптың растауынсыз дербес сертификаттауды жүзеге асыратын бес ұйым бар.

«Біз аккредиттеу үшін әлеуеті бар зертханалық базаға шолу жасадық. Қазіргі уақытта аккредиттелген субъектілер тізілімінде 175 зертхана бар, олар Кедендік Одақтың (ТР КО 021/2011) 021 техникалық регламенті және тамақ өнімдерін сертификаттаудың 49 органы бойынша тамақ өнімдеріне талдау жүргізеді. Аккедиттелген зертханалар арасында 37 зертхананың ДНҚ-ны сәйкестендіру үшін талдау жүргізу мүмкіндігі бар», — толықтырды спикер.

Оның пікірінше, органикалық өнім саласы да маңызды. Қазақстанда органикалық өнім өндіріледі, бірақ оны сертификаттауды шетелдік органдар жүзеге асырады. Бүгінде Қазақстан ішінде органикалық өнімді бағалау жүйесі құрылуда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир