Алматының Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында құрылыс жүргізушілерге жаңа құрылыс ережелеріне байланысты қандай шарттардың ұсынылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv
«Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері» Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген. Бүгінде бұл құжат VII шақырылған қала мәслихатының кезектен тыс VI сессиясында қабылданған болатын.
А. Ахмеджановтың айтуынша, жаңа құрылыс ережелерінде мегаполис аудандарын көгалдандыруға ерекше назар аударылған.
«Жаңа ереже бойынша кез-келген кварталды көгалдандырудың жалпы аумағы бір адамға шаққанда кемдегенде 10 шаршы метр, ал құрылыс алаңында білім беру мекемелері қадамдық қолжетімді, мысалы, мың адамға шаққанда мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде кемінде 100 орын, ал мектептерде кемінде 180 орын болуы тиіс»,– деді А. Ахмеджанов.
Жаңа ережелер бойынша құрылыс жобалары қоғамдық талқылаудан өтуі және республика аумағында қолданылатын нормативті-техникалық талаптар әрі қаланың Бас жоспары мен құрылыс жүргізу барысында сейсмикалық шағынаудандыруды ескеру талаптары сақталуы тиіс.