2024 жылдың маусымына дейін Баум және ҮАК тоғайларын абаттандыру жобасын дайындау аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматының Түрксіб ауданында 2024 жылы абаттандыру жұмыстары жалғасады. Мәселен, 60 жыл ішінде алғаш рет Әуежай көлінің түбін тазарту, іргелес аумақты жайластыру, жаяу жүргіншілер көпірі мен су ағызу құрылысы жүргізілетін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.
Сондай-ақ оның айтуынша, 2024 жылдың 2-тоқсанында спорттық іс-шараларды, марафондарды ұйымдастыру үшін Баум тоғайын абаттандыру жобаларын; рекреациялық және жағажай аймақтарын жайластырумен, жаяу жүргіншілер көпірлерін жаңартумен Үлкен Алматы каналын, "Кіші Алматы" өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер-серуендеу аймағын дайындау аяқталуда.
Айта кетерлігі, 2023 жылы Түрксіб ауданында Молдағалиев көшесі мен Чехов көшесіндегі жаяу-серуендеу аймағын жайластыру, №6 оқушылар үйі мен Әуежайдың жанындағы 2 скверді қайта жаңарту сияқты бірқатар жаңа жобалар іске асырылды.