Медеу ауданында «Бюджетке қатысу» бойынша қандай 20 жоба жүзеге асырылады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Медеу ауданында абаттандыру көлемі жыл сайын артады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда абаттандыру әдісі  өзгерді, соңғы жылдары «Бюджетке қатысу» бағдарламасы жұмыс істейді, соның арқасында қала тұрғындары мегаполистің сыртқы келбетін өзгертуге қабілетті қандай да бір жобаны іске асыруға дауыс бере алады. Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында 2021 жылдың соңына дейін жүзеге асырылатын жобаларды атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бюджет қатысу» бағдарламасының арқасында біз азаматтарымыздың аулаларды, спорт алаңдарын және басқа да инфрақұрылымды абаттандыру мәселелері бойынша нақты қажеттіліктерін тікелей шешеміз», – деп атап өтті Әсет Масабаев.

Биыл «Бюджетке қатысу» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 798 млн.теңгеге 20 жобаны іске асыру жоспарлануда. Әкім жобалардың аттарын атап шықты:

1. Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру.

2. Төле би көшесі бойындағы Қайырбеков көшесінен ШААЖ-на дейінгі суару су құбырын жөндеу.

3. Алатау шағын ауданындағы ардагерлер аллеясын абаттандыру.

4. Қарасай батыр көшесі бойындағы Қалдаяқов көшесінен Зенков көшесіне дейін «Медицина қызметкерлері» аллеясын («Денсаулық» аллеясын) жөндеу.

5. Төле би-ШААЖ маңынан №168 мектепке өтуді қамтамасыз ету үшін Абылғазы өзені арқылы жаяу жүргіншілер көпірі мен пандустары бар баспалдақ салу.

6. Төлебаев көшесіндегі Тұрғын үй кешені маңындағы аумақты абаттандыру.

7. Алатау шағын ауданы Ибрагимов көшесі бойындағы серуендеу аймағын ретке келтіру.

8. Бөгенбай батыр көшесінен Базарбаев көшесіне дейін Орманов көшесінің тротуарын жөндеу.

9. Шоқай көшесі бойындағы Құмай көшесінен №60 автобустың соңғы аялдамасына дейінгі жаяу жүргінші жолын салу.

10. ШААЖ бойында «Компас» жанармай бекетінен Құмай/Шоқай көшелеріне дейін жаяу жүргінші жолын салу.

11. Нүсіпбеков 19, Пушкин көшесі 3, 28,41, Коперник/Мақатаев, Коперник/Янушкевич көшелерінде контейнерлік алаңдарын қайта жаңарту.

12. Самал-2 шағын ауданында (№18,32,42,48,88 үйлер) көмілген қоқыс контейнерлерін орнату.

13. Самал-3 шағын ауданның (№21,25) контейнерлік алаңдарын қайта құру. Самал-1 (№18,23,40)  

14. Назарбаев даңғылы 176,264, Достық даңғылы 95,109,111/4, Қажымұқан көшесі 28, Байжанов көшесі 103/11 тереңдетілген қоқыс контейнерлерін монтаждау.

15. Елебеков 29, Абдуллиндер 49, Зенков көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысындағы контейнерлік алаңдарды қайта жаңарту.

16. 28 Панфиловшылар саябағында қоқыс контейнерлерін орнату.

17. Төле би көшесі мен Орманов көшесінің қиылысында паркур-алаң құрылысы.

18. Луганский көшесіндегі 70 және 80 үйлер арасындағы Скейт-алаң салу.

19. Құмай / ШААЖ қиылысында балалар және спорт алаңдарын салу

20. Думан шағын ауданында Тіксай өзенінің бойында жабық спорт алаңын орнату.

Жалпы қалалық аумақтардан басқа аула ішіндегі аумақтардың сыртқы келбеті өзгереді. Әкімнің мәліметінше, Медеу ауданында 784 көппәтерлі тұрғын үй және 536 аула бар. Соңғы 4 жылда 130 мыңнан астам тұрғынды қамтитын 406 аулада күрделі жөндеу жүргізілді.

«2021 жылы 25 мың тұрғынды қамти отырып, 60 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта конкурстық іс-шаралар жүргізілуде», – деді Әсет Масабаев.

Сонымен қатар, Медеу ауданында абаттандыру көлемі жыл сайын артады. Жергілікті атқарушы органдар 20 жобамен шектелмейді.

Новости партнеров