Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі қатысуымен жастар форумы өтті. Б. Сағынтаевтың Алматыға арман қуып келген жастар тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы қала әкімі Іnstagram парақшасында жазды.
«Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Jastar Alany қалалық жастар форумын өткіздік. Alаtau Creative Hub алаңында шығармашылық мамандық өкілдері, кәсіпкерлер мен спортшылар, еріктілер өздерінің жетістіктері туралы айтты. Көбісі дерлік бір кездері арман қуып, Алматыға келді. Үлкен қалада тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Жаңа ұрпақ – позитивті ойлап, бір-біріне әрі айналасындағы жастарға көмектесуге дайын. Олар Тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келіп, жаңа бастамаларға батыл кірісуде. Алматы жастардың ұмтылысын қолдайды. Біз жаңа креативті кеңістіктер мен ІТ-хабтар құрамыз», – деп жазды қала әкімі.
Талантты жастарды баулудың бұл тетіктері мегаполисіміздің әлемдегі ең үздік 100 қала қатарына енуіне негіз болмақ.