Алматыда мейрамханалар жабылып, ХҚКО мен банктердің жұмыс уақыты қысқарады

Фото: podrobnosti.ua
Фото: podrobnosti.ua
Қалада салтанатты шаралар өткізуге тыйым салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда карантин режимі қайтадан күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа Қаулысына сәйкес біраз өзгерістер енгізілді. Енді бүкіл азық-түлік және киім-кешек сататын базарлардың жұмыс уақыты қысқарады. Ал сауда орталықтары таңғы 10-нан кешкі 9-ға дейін жұмыс істейтін болады.

Банк қызметкерлері, ұлттық компаниялардың филиал жұмысшылары мен мемлекеттік қызметкерлердің жартысы қашықтан жұмыс істеуге кетеді. Мейрамхана, бильярд залдары, компьютерлік клубтар, букмекерлерлік кеңселер жабылады. Әр түрлі салтанатты шаралар той, үйлену тойлары, ас беру өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын онлайн режимде жалғастырады.  

- Барлық базарлардың жұмыс режимі (зат сататын, сондай-ақ азық-түліктік) жұмыс күндері 9-дан 16 сағатқа дейін, демалыс күндері 9:00-18:00-ге дейін болады.

- СО- фуд-корттар мен ойын-сауық нысандарының жұмысы тоқтатылды, сауда орталықтары сағат 10-нан 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

- Банк қызметкерлері, Ұлттық компаниялар филиалдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызметшілер (50%) қашықтықтан жұмыс істеуге жіберіледі.

- Мейрамханалар, бильярд залдары, компьютерлік клубтар, букмекерлерлік кеңселер жабылады.

- Әр түрлі салтанатты шаралар (той, үйлену тойлары, ас беру) өткізуге тыйым салынады.

- ХҚКО онлайн режимге көшеді. Жұмыс уақыты жағынан сағат 10-нан 16.00-ге дейін шектелді.


Новости партнеров