Той болмайды: «Керемет» мейрамханасынан видео жарияланды
Қала тұрғыны «жасырын той» жайлы ақпаратты «Алматы» телеарнасындағы «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда мониторингтік топ «Керемет» мейрамханасын бақылауға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айта кетейік, 11 тамыз күні «Akimat LIVE» бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа өзі тұратын ауданда алда өтетін жасырын той жайлы ескертіп, шара қолдануды сұраған болатын.
Бақытжан Сағынтаев оқиғаның мән-жайын тексеруге уәде беріп, қаланың мониториг топтарына ақпаратты анықтауды тапсырды.
Эпидемиологтар қала тұрғындарынан адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуды сұрайды. Өйткені бұл коронавирус инфекцияның өршуіне әкеп соғады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдай матрицасы бойынша әлі де «қызыл аймақта».
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
16.10.2026 21:34