Алматыда жыл соңына дейін 102 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Алматыда 14,3 млрд. теңге жалпы сомасындағы 5 жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
1 қазандағы жағдай бойынша 6,8 млрд. теңге игерілді, жергілікті қамтудың үлесі 95,5%.
Бұдан басқа, көлемі 100 млн. теңгеден астам құрылыс-құрастыру жұмыстары бойынша жобаларының шеңберінде 105,1 млрд. теңге сомасындағы 97 жобаны іске асыру жұмысы жүргізілуде. 1 қазандағы жағдай бойынша 17,4 млрд. теңге игерілді, жергілікті қамтудың үлесі 91,7%.
Жыл басынан бері Алматыда жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі Комиссияның 45 мәжілісі өткізілгенін атап өтеміз. Құрылыс-құрастыру жұмыстарының мониторингін жұмыс тобы тұрақты түрде жүргізіп отырады.