Алматының Наурызбай ауданында 3 жаңа маршрут ашылады

Алматының Наурызбай ауданында 3 жаңа маршрут ашылады
Метроның 2 жаңа станциясын іске қосу жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аудандағы көлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары – маршруттардың жетіспеуі және олардың тұрақты қатынамауы, жылжымалы құрамның жетіспеуі, сондай-ақ автобус аялдамасының аздығы, деп хабарлайды Almaty.tv тілішсі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді. Наурызбай ауданында 295 км асфальт жол бар, асфальт төселген жолдардың үлесі 85%. Әкімнің айтуынша, метроның 2 жаңа станциясын іске қосу жоспарланған, сондықтан осы жылдың 1- қыркүйегіне дейін қаланың Батыс бөлігіндегі маршрут желісіне оптимизация жүргізуді қарастырылып жатыр.

«Наурызбай ауданында 3 жаңа маршрут ашылады, қазіргі 5 маршрутқа оптимизация жүргізіліп, күшейтілетін болады, бұл көлік қызметін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді», – қала әкімі.

Қазіргі таңда 35 аялдама бар. Дегенмен,  қазіргі тығыз орналасу жағдайына байланысты осы жылдың соңына дейін толыққанды 8 аялдама ғана орнатылады, олардың барлығы қазіргі талаптарға сәйкес келеді. Қалған 27 учаскеде «Аялдама» деген белгі қойылады.

Көп қабатты тұрғын үйлердің көптеп салынуына байланысты, сарапшылардың бағалауы бойынша алдағы 5 жылда Наурызбай ауданы халқының саны 150 мың адамға көбейеді.

«Әкімдік метро трассасын «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарының жанындағы станцияға дейін Әшімов көшесінің бойымен өзгертті. Қазіргі уақытта «Қалқаман» станциясының құрылысы басталды. Ол Абай даңғылының бойымен Яссауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесіне дейін орналасқан», – деді қала әкімі.

Новости партнеров