|
14.01.2021 | 15:34
1491

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салына ма

Алматы-3 вокзалының құрылысын бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы ұсынған болатын

Алматыда үшінші теміржол вокзалы салына ма Фото: pkzsk.info

Алматы маңында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында "Алматыгипрогор-1" компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы ұсынған болатын. Бұл ұлттық компания үшін қосымша станция жүк ағынын түсіру үшін қажет.

«Сондай-ақ, бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай аумағында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Онда Станция бар, тек вокзал салу керек. Осылайша бүкіл батыс аумақтар қамтылады. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғындары қалаға Алматы-2-ге кірмей-ақ келе алады. Осылайша, біз негізгі вокзалдың жүктемесін азайтамыз», – деді Сатыбалдиев.

Сатыбалдиев Алматыдағы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым екенін айтты. Ол торапқа Алматы-1 және Алматы-2 станцияларын қоса алғанда, тоғыз станция кіреді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир