Алматыда жас жұбайлар аллеясы пайда болды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv
Жұптар неке қию рәсімін өткізіп, махаббат көшетін отырғызды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны шеңберінде Жетісу ауданында жас жұбайлар аллеясы ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Іс-шара аясында жаңа өмірге қадам басқан жұптар неке қию рәсімін өткізіп, махаббат көшетін отырғызды. Науқанның негізгі мақсаты да сол – қаламыздың тазалығына ұқыпты қарап, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.

- 8 сәуірден бастап  "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны өз жұмысын бастады. Бұл іс-шара барысында бүгін бізде жас жұбайлар аллеясын ашу жоспарланып отыр. Біздің аудан, қала тұрғындарының арасында бұл науқанға сұраныс өте көп, - деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Оқи отырыңыз: «Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя

Новости партнеров