Алматы тауларында смарт-навигатор мен Wi-Fi орнатылған үйшік пен құтқару пункттері пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv
Әрбір үйшікте іздестіру, құтқару қызметтері үшін картаға және GPS-координаттарға байланған реперлік бастырма да болады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе ауа-райының қиын болуына байланысты үйшік туристер күтіп, қажетті көмек жиынтығын алуға мүмкіндік береді (алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталары, мобильді құрылғыларды зарядтау стансасы, жылы көрпе мен бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы).
Үйшіктің жанына SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне енгізу жүйесі бар діңгектер орнатылады. Діңгектер шұғыл әрекет ету қызметтеріне қашықтан қосылады (ТЖД/112).
Апат сигналын беруге арналған барлық спутниктік жабдықтар таудағы үйшік конструкциясына біріктіріледі, сондай-ақ мачталар Wi-Fi функциясымен жабдықталады. Бұл жүйе шалғай таулы маршруттарда қиын жағдайға тап болған тәжірибесіз, дайын емес туристерге арналған. Пайдаланушы интерфейсі минималды-дауыстық қоңырау түймесі, бейне қоңырау камерасы мен бірнеше тілдегі нұсқаулар болады.
Қосымша туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру мен тауға шығуға арналған смарт-навигатор түріндегі қосымшаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол ТЖД базасымен интеграцияланатын болады.
Биыл Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті салынады. Сондай-ақ алғаш рет құрылған 16 адамнан тұратын тау құтқарушыларының жасағы тәулік бойы кезекшілік етеді. "Тұйықсу" шатқалында қосымша тікұшақ алаңы құрылады.