Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қазақстандағы Солтүстік Македония елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі В. Поповска-Кртолицамен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Қазақстандағы Солтүстік Македония елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі В. Поповска-Кртолицамен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту, туризм саласындағы ынтымақтастық пен Солтүстік Македония қалаларымен бауырлас байланысты орнату перспективаларын талқыладық», – деп жазады қала әкімі.
Қазақстандағы Солтүстік Македония елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі В. Поповска-Кртолицамен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту, туризм саласындағы ынтымақтастық пен Солтүстік Македония қалаларымен бауырлас байланысты орнату перспективаларын талқыладық. pic.twitter.com/zsYgp31y29
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) November 20, 2020