|
27.04.2024 | 16:16
710

«Алматы – бақша қаласы": танымал алматылықтар бастаманы қолдап, алма ағаштарын отырғызды

Шараға қала тұрғындарымен бірге мегаполис әкімі Ерболат Досаев қатысты

«Алматы – бақша қаласы": танымал алматылықтар бастаманы қолдап, алма ағаштарын отырғызды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда «Алматы – бақша қаласы» акциясы аясында жаппай алма ағаштарын отырғызу жүріп жатыр. Шараға қала тұрғындарымен бірге мегаполис әкімі Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ағаш отырғызу үшін Алматының барлық ауданында арнайы орындар белгіленді. Шаһар басшысы мен қала тұрғындары БАК бойындағы саябаққа 500 алма ағашы мен 500 өрік отырғызды.

«Бүгін біз «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты тамаша акциямызды жалғастырып жатырмыз. Соның аясында біз ағаш отырғызып жатырмыз. Шараға қалаға бей-жай қарай алмайтын тұрғындар қатысып жатыр. Біз де депутаттық корпус ретінде келдік. Бүгінгі күннің ерекшелігі сол, біз жеміс ағаштарын отырғызудамыз. Біраз уақыттан кейін біздің қала өзінің апортымен, жеміс-жидектерімен танымал болып, өзінің даңқын қайтарады», — деді Алматы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова.

Акцияға Қорғаныс министрлігінің спортшылары, эстрада жұлдыздары, түрлі спорт түрлерінің чемпиондары, белгілі қоғам қайраткерлері атсалысты.

«Біз ЦСКА спортшыларымыз. Алматы-біздің ортақ үйіміз. Алматының тазалығы-біздің денсаулығымыздың кепілі»,- дейді Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің оқу-жаттығу орталығының бастығы-ЦСКА (Алматы филиалы) майор Берден Ақпанбеков.

Барлығы 8 205 жасыл желек отырғызылды, соның ішінде 4 515 жеміс, 1 090 жапырақты ағаш пен 2 600 бұта.

"ALA" саябағында алма бағы пайда болды. Қаланың әр түкпірінде аудан әкімдіктері алма ағаштарын отырғызды.

Ағаштарды отырғызу кезінде екі жерден онлайн трансляция жүргізілді: ALA саябағы мен Қарағай орманы.

Мегаполисте 8 сәуірде басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны жалғасуда.

Оқи отырыңыз: Алматыда танымал адамдар «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ағаш отырғызды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир