Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуына бақылауды күшейту аясында мониторингтік топтар жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.
7 қарашасынан 8-не қараған түні 21 мониторингтік топ қызмет етті, оның құрамына сондай-ақ, волонтерлар кірді. Басты мақсаты — жұқтыруды болдырмау үшін адамдардың жаппай жиналуының жолын кесу.
Бір түнде барлығы 144 нысан тексерілді. Соның ішінде тексеру барысында 118 нысан жабық тұрған, яғни белгіленген жұмыс режимін сақтаған.
Сонымен бірге, келушілердің болу уақыты тоқтатылып, Әуезов ауданының аумағында орналасқан 16 мекемеден қонақтар шығарылды. Бұзушылықтар келесі нысандарда анықталды:
1. «Смат» бильярд (Жандосов к. 188а);
2. «Москва» бильярды (Жандосов к. 59в);
3. «Хинкальная» мейрамханасы (Пятницкий к. 32);
4. «Veselidze» дәмханасы (Жетысу-4, 32);
5. «Алмалы» мейрамханасы (Ақсай, 1А, 11/2);
6. «Рыба моей мечты» караокесі (Науаи, 97);
7. «Motor club Almaty» бары (4 ш. а., 1А);
8. «Go» интернет-клубы (Ақсай-1, 11/7);
9. «NUKE» компьютер клубы (Таугүл-1, 72/1);
10. «Пирамида» бильярд клубы (8 ш. а., 26 А);
11. «BALR» ойын клубы (Ақсай-1, 11/9);
12. «Altay Gold» мейрамханасы (Төле би к. 300/1);
13. «Lafe hotpot» дәмханасы (Төле би к. 285г);
14. «Grand Osteria» дәмханасы (Ақсай-4, 18А);
15. «Шарик Малик» ойын-клубы (Науаи к. 162А);
16. Компьютер клубы (Таугүл, 24).
Бостандық ауданында келушілердің болу уақыты тоқтатылып, 6 мекемеден қонақтар шығарылды:
1. «Бургер HOT» (Әуезов к. 183);
2. «Sunset» мейрамханасы (Әл-Фараби д. 5к2а);
3. «Headshot» компьютер клубы (Марков к. 28) ;
4. «Honey-Honey» дәмханасы, Әл-Фараби д. 77/1;
5. «Sushi Рай» суши-бары, Абай д. 52/2;
6. «Tamark» саунасы, Мельникайте к. 33.
Тапсырыспен сыртқа шығару жұмысы тоқтатылды:
1. «Salam bro» тез тамақтану дүңгіршегі, Тимирязев к. 42к4;
2. «Алматы донері», Абай д. 34/96.
Сонымен бірге, Тимирязев к. 32 мекенжайындағы «Versailles» мейрамханасында заң бұзушылық фактісі (караоке істеп тұрған) анықталды.
Өз кезегінде Медеу ауданының аумағында мониторингтік топтар жұмыс режімінің сақталуына түнгі клубтарды тексерді. Жұмыс барысында «Бла бла бар» түнгі клубында санитарлық нормалардың бұзылу фактілері анықталды. Мобильді топ келген кезде нысан қызмет істемей тұрған іспетті болған. Алайда Полиция басқармасының қосамша күшін шақырғаннан кейін, түнгі клуб әкімшілігі қақпаны ашып, ол жерде бұзушылық фактісі тіркелді. Келушілер мекемеден кетті, қонақтардың бірқатары шығуға арналмаған жерлерден кету тәсілін қолданған (осыған дейін әлеуметтік желілерде келушілердің қақпадан секіріп шықпақ болған видео пайда болды).
Анықталған барлық бұзушылықтар бойынша жоғарыда аталған мекемелердің жауапты тұлғаларынан тиісті шараларды қабылдап, материалдарды беру үшін түсініктеме алынды, сонымен бірге, карантин шараларын қатаң сақтау қажеттігі және заң бұзушылықтарды жоюға қатысты сәйкес түсіндіру жүргізілді.
Алматы әкімдігі қала тұрғындарын белгіленген санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырады. Адамдар көп жиналатын жерлерге бару инфекция қаупін арттырады. Симптомсыз тасымалдаушылар коронавирус инфекциясының қоздырғышы болуы мүмкін екенін ескерген жөн. Осыған байланысты алдын алу шараларына бей-жай қарамай, маска режимі және әлеуметтік қашықтықты сақтауды өтініп сұрайды. Өз кезегінде, кез келген меншік нысанындағы кәсіпкерлік субъектілері келушілердің болуы мен персоналдың жұмысының барынша қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 116 мың жағдайы тіркелген, оның 15 мыңға жуығы Алматы қаласында. Елде 1857 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясына оң ПТР нәтижесі бар 723 науқас анықталды, оның ішінде 28-і Алматы қаласында.