|
24.09.2021 | 16:56
272

Күйден классикаға дейін: Алматыда дәстүрлі Оркестрлер фестивалі өтті

Фестивальді алдағы жексенбіде «Алматы» телеарнасынан тамашалай аласыздар

Күйден классикаға дейін: Алматыда дәстүрлі Оркестрлер фестивалі өтті

«Күйден классикаға дейін». Алматыда қала күні аясында жыл сайын ұйымдастырылатын Оркестрлер фестивалі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Екі күндік шара барысында халық шығармашылығының өшпес туындылары, орыс және еуропа авторларының классикалық музыкасы мен заманауи композиторлардың шығармалары, белгілі кинофильмдерден саундтректер орындалды.

Республика сарайының сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, сондай-ақ елімізге танымал әншілер мен музыканттар өнер көрсетті.

Пандемияға байланысты биыл Оркестрлер фестивалі онлайн режимде өтті. Ал оның телевизиялық нұсқасын алдағы жексенбіде «Алматы» телеарнасынан сағат 18:30-да көре аласыздар.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Прямой эфир