Алматыда жас кәсіпкерлерді қолдау жиыны өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жастар саясаты басқармасы жаңа жұмыс орындарын ашуды қолға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жас кәсіпкерлерді қолдау жиыны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық Жастар саясаты басқармасы жаңа жұмыс орындарын ашу үшін осындай бастаманы қолға алып отыр. Алқалы жиынға қатысқандар тың идеясы мен кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа жолы туралы ойын ортаға салып, тиімді ұсынысын айтты. Сондай-ақ үкімет тарапынан беріліп отырған жеңілдіктер сөз болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – жалпы әлеуметтік проблемаларды шешуге ынталы жастардың басын бір арнаға тоғыстырып, көмекке мұқтаж жандардың мәселесін шешуге бағытталған ауқымды жобаларды іске асыру.

«Былай жалпы бастамасы қиын болғанымен қазір аллаға шүкір жұмысымыз алға басты. Көптеген қиындықтардан өттік. Карантин қазір естіп жатырмыз ғой түрлі жағдайлар болып жатыр. Бірақ төзімді болсаң, бәрінен өтесің дейді ғой қазақта», – деді кәсіпкер Азамат Дәрметов.

Новости партнеров