|
27.10.2020 | 17:04
740

Алматылық жастар аға буын өкілдерімен кездесті

Кездесуден алған тәлім-тәрбиені Алматыдағы 2 мыңға жуық еріктіге жеткізбек

Алматылық жастар аға буын өкілдерімен кездесті

Алматылық жастар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аға буын өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әзірге бұл пандемиядағы алғашқы жүздесу. Оны еріктілер асыға күткен. Өйткені онлайн жиын шын көріскенге жетпейді дейді. Бүгін танымал тұлғалар өздерінің соңғы жаңалықтарын бөлісті. Жастарға мотивация айтып, іркілмей ізденіп, алға ұмтылыңдар деген тілегін жеткізді. Ал осы кездесуден алған тәлім-тәрбиені жастар ары қарай  Алматыдағы 2 мыңға жуық еріктіге жеткізбек.

«Шыны керек, жоғары буынның жеткен жетістіктерін, қиындықтарын, қазіргі таңдағы жобаларды жүзеге асыру барысында, өзіміздің жолымызды табу барысында, жастармен жұмыс істеу барысында керемет пайдалы кеңестер береді деген ойдамын», – деді «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ Алматы қалалық филиалының төрайымы  Бағдат Анарбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир