Б. Сағынтаев Жетісу ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттің себептерін анықтауды тапсырды
kt.kz
13 отбасы баспанасыз қалды, оның жетеуі туыстарының үйлерінде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жетісу ауданының Ақтолқын көшесі, 12 мекенжайдағы көпқабатты үйдегі өрттің себептерін тексеруді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
13 отбасы баспанасыз қалды, оның жетеуі туыстарының үйлерінде. Алты отбасының 23 мүшесі уақытша қонақүйге орналастырылған. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде, оның ішінде гигиена бұйымдары мен тағамдар бар. Мектеп жасындағы балаларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіледі.
Өрттің шығу себептері мен комиссия қорытындысы анықталған соң, осы үйдің тұрғындарының баспана мәселесі бойынша шешім қабылданады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34