Алматыда нұротандықтар студенттермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы жастардың өзін-өзі жүзеге асыру мен әлеуетін дамыту үшін ең қолайлы қала ретінде көрсете білді. Бүгінде мегаполисте 692 мыңнан астам жас тұрады, олардың 233 мыңнан астамы 39 ЖОО мен 80 ОАОО студенттері.
«Біз жас талантты және болашағы зор алматылықтарға ерекше үміт артамыз. Бүгін біз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесіп, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлін талқылаймыз», – дейді онлайн-дәрісті ұйымдастырушы, «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов.
«Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев пен «Алматы адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Айдар Күнтубай студенттерді лекторық құрамымен қуантты. Оларға ҚазҰҚП студенттері білім беру гранттарын бөлу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және талдау жүйесі, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық көріністері үшін басшылардың жеке жауапкершілігі мәселелері бойынша жүгінген.
Дәріскерлердің айтуынша, осы жылдар ішінде Қазақстанның халықаралық білім беру кеңістігіне белсенді интеграциясы жүзеге асырылды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тиімді іске асыру мемлекеттік органдардың транспаренттілігі, есептілігі мен ашықтығы және олардың азаматтық қоғамдастықпен белсенді ынтымақтастығы жағдайында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
"Сындарлы диалогты жалғастыра отырып, студенттер білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық студенттер мен оқушылардың өздері тарапынан төзбеушіліктің белсенді көрінісі жағдайында жойылады, ал заң нормаларын сақтау – бірінші және басты шарт деген тезисті қолдады. Студенттердің айтуынша, қазіргі мұғалімдер ар-ожданымен ымыраға келмеуі керек, олар адалдық пен әділеттілік жағында болуы керек. Онлайн дәріске қатысушылар мектеп сыныптарынан бастап өскелең ұрпақтың қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын оятуы тиіс", делінген хабарламада.