Биыл өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мерекелік концертін береді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі таңда үлкен мерейтой алдындағы қызу дайындық жүріп жатыр. Жоспар бойынша ансамбль осы жылдың аяғына дейін жыршы-жыраудың барлық туындысын паш етпек.
«Әрбір ансамбльдің, әрбір мекемелердің жанын да осындай мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – Сазген саз ансамблінің сүйемелімен өтетін концерттерді айта аламыз. Яғни, бұл да болса әрбір өнер ұжымдарының осы біздің бабамыздың мерейтойына қосқан үлесі деп айтуға болады», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова.
«Жамбыл атамыздың өлеңдері көп қой. Көбісі балаларға арналған. Жамбыл мен Айкүмістің айтысын өзіміздің шығармалығымызға енгізіп, шығарайын деп отырмыз. Алдымызда әлі талай жоспарларымыз бар. Соған біз дайындалып жатырмыз», – деді көркемдік жетекші Марат Жалбыров.