|
10.06.2022 | 18:36
3712

Алматыда веложарыс өтеді

Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі

Алматыда веложарыс өтеді Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың 12 маусымында Ұлттық ғылым академиясының жанында велоспорттан «Astana Motors Criterium» жарысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қатысушылардың саны – 100 адам (онлайн тіркелген). Жарысқа 18 жастан асқан спортшылар жіберіледі. Жарысқа UCI ережелеріне сәйкес жолда велосипед тебе алатындар жіберіледі, олардың  велосипед формасы мен велошлемдері болуы тиіс.

Жарысқа байланысты сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Құрманғазы – Пушкин, Пушкин – Шевченко, Шевченко – Қонаев көшелерінің қиылысында жол қозғалысын жабу жоспарлануда. Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала  белгілеп  алуды  сұраймыз», делінген хабарламада.

Іс-шара бағдарламасы:

07:00-07:50 – старттық нөмірлер мен чиптерді беру

07:50 – көру шеңбері

08:00 – критериумның  басталуы

09:30 – марапаттау рәсімі



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир