Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен инвестицияларды тарту жөніндегі кеңесте негізгі капиталға салынатын инвестициялардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қабылданған шаралардың арқасында, оның ішінде Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында қарқыны төмен аудандар экономикалық белсенділігін арттырады. Бүгінде Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарына қаланың барлық инвестицияларының 35%-ы тиесілі.
Салалар арасында жылжымайтын мүліктің үлесі басым, мұнда қаланың барлық инвестицияларының үштен бірі («ТERRA» ТК, «LAMIYA» ТК, «BASENOVA 10» ТК және т.б.) шоғырланған. Өнеркәсіп саласының үлесі 9% («HYUNDAI TRANS AUTO» ЖШС, зауытты кеңейту жобасының 2-ші кезеңі, «СК «Рахат» ЖШС, «Электробар» ЖШС және т.б.), әлеуметтік саладағы жобалардың үлесі 7,5%-ды (Helmer медициналық оңалту орталығы, Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты, балет театры «Демеу Қоры АҚ» және т.б.) құрайды.
Қалада 2021 жылы жалпы құны 363,4 млрд теңгені құрайтын 87 жобаны іске асыру жоспарланды, бұларда 10,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады.
Еске салсақ, бұрындары Алматы әкімі шағын өндірістік парктерді құру жобасымен танысқан еді. Оларға 4 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады, ондаған шағын кәсіпорындар мен мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жоспарлы түрде жүзеге асып жатқан шаралар және инвестицияларды тартудың кешенді әдісі экономиканың, ШОБ салаларының және өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.