Пандемияға қарамастан Алматыда білім беру саласында барлық жағдай жасалуда – Аягүл Миразова

Пандемияға қарамастан Алматыда білім беру саласында барлық жағдай жасалуда  – Аягүл Миразова
Мектеп директорлары аурудың балалар арасында таралуын болдырмау үшін көбірек жұмыс жасауы керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылғы 23 желтоқсанда Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен білім беру жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Отырыс барысында мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын қысқартуға, апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге, қашықтан оқыту сапасына, сондай-ақ жекеменшік балабақшалардағы ата-аналардың төлемақысын қаржыландыруға бағытталған мәселелер қаралды.

Отырысқа қатысушы, еңбек ардагері Аягүл Миразова пандемия жағдайында баланың денсаулығын қамтамасыз ету және білім алу үшін үлкен жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда пандемия кезеңін ескере отырып, Алматыда білім беру саласында барлық жағдай жасалуда. Білім беру саласының, атап айтқанда мектеп секторының қызметкері ретінде көптеген жылдар бойы бұл менің жай ғана естіп жүргенім емес. Интернетке қосылу және ата-аналарды планшеттермен жұмыс істеуге үйрету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Сондай-ақ, мектеп тапшылығын азайту мәселесі шешілуде», – деді Аягүл Миразова қала әкімдігіне қабылдаған шаралары үшін алғысын білдіріп.

Сонымен бірге, Аягүл Миразова алқа отырысында талқыланған мәселелерге қатысты қысқаша түсініктеме беріп өтті.

«Отырыс қорытындысында әкім жұмыстағы кемшіліктерді жою қажеттігін атап өтті. Біз бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Мектеп директорлары аурудың балалар арасында таралуын болдырмау үшін көбірек жұмыс жасауы керек. Еліміздің басты байлығы – адам капиталы. Адам капиталы, әрине, балабақша мен мектепте басталады. Егер біз дені сау және ақылды ұрпақ өсірсек, болашағымыз жарқын болады. Бір жыл ішінде Алматыда үлкен жұмыс атқарылды, біздің алдымызда әлі де көп жұмыс тұр», – деп түйіндеді ол.

Өз кезегінде, алматылық «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы Серікжан Байғұттинов отырыста спикерлер барлық өзекті мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстар айтқанын атап өтті.

«Бүгінгі алқа кеңесі өзекті болды. Қала әкімдігі мен әкімнің өзі білім беру жүйесіндегі кемшіліктерді жою бойынша пәрменді шаралар қабылдап жатқаны қуантады. Көріп отырғанымыздай, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерді ұлғайту арқылы оқушы орындарының тапшылығын азайту мәселесі шешілуде, мектеп құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Маған жекеменшік балабақшалар үшін субсидиялау, яғни тамақтану үшін соманың жартысын төлеу жүргізілетіні өте ұнады. Бұл жеке кәсіпкерлер үшін жақсы жаңалық, балабақшалар одан да көп балаларды қабылдай алады», – деді С. Байғұттинов мектептердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру, жаңа физика, химия, биология кабинеттерін жабдықтау, сондай-ақ мектептерді цифрлық бейнебақылау камераларымен жабдықтау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Новости партнеров