Б. Сағынтаев ШОБ жайында: Жыл басынан бері 84 млрд теңге болатын мыңнан астам жоба мақұлданды

Фото: express-k.kz
Фото: express-k.kz
Кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағдарламасы – «Бизнестің жол картасы – 2025»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды белсенді түрде жүзеге асыру арқылы бизнесті қолдаудың жүйелі шаралары жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, бағдарламаларға бірқатар өзгерістер («Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек», «Алматы Бизнес-2025», «Қарапайым заттар экономикасы және т.б.) енгізілді, олар: салалық шектеулердің алынуы, пайыздық мөлшерлемені унифицерлеу, микро және шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің жаңа бағыттары, зардап шеккен салаларға субсидиялар беру және басқалары.

2020 жылы бағдарламаларды іске асыруға қарастырылған сома 3 есеге артып, 31,8 млрд теңгені құрады. Жалпы құны 317 миллиард теңгені құрайтын 2 мыңнан астам жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. 2020 жылы дағдарысқа қарсы шараларды сәтті жүзеге асыру нәтижесінде субсидиялау тетіктері арқылы қолдауға ие болған бизнес субъектілерінің саны 2019 жылмен салыстырғанда 189%-ға және кепілдіктер 400%-ға өсті.

«Биыл біз осы тенденцияны сақтай алдық. Мәселен, Алматы кәсіпкерлерінің жобаларын несиелендіру мен субсидиялауға 35,8 млрд теңге бөлінді немесе былтырғы көрсеткіштен 13%-ға артық. Жыл басынан бері 84 млрд теңгенің 1мыңнан астам жобасы мақұлданды», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағдарламасы – «Бизнестің жол картасы – 2025», оның аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме және несиелердің, гранттардың ішінара кепілдемелері субсидияланады. 2020 жылы бағдарламаны іске асыруға 7,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 700 млн теңге – тегін мемлекеттік гранттар. Нәтижесінде шағын кәсіпкерліктің 266 жобасы 2-ден 5 млн.теңгеге дейінгі бизнесті ашуға және дамытуға грант ала алды, оның 500 млн теңгесі халықтың әлеуметтік осал топтарының жобаларын қолдауға бөлінді.

Бүгінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 120,9 млрд теңге сомасында 66 мың жоба қаржыландырылды және мақұлданды (оның ішінде 2021 ж. - 15,8 млрд теңгенің 8 жобасы) 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында  кәсіпкерлікті қолдауғаи 1,5 млрд теңге қарастырылған. Жеңілдетілген несие беретін мемлекеттік бағдарламалардан басқа Almaty Business аймақтық бағдарламасы іске асуда. 2021 жылы 25 жобаға 1,5 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Бұлардан өзге, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында Алматы қаласының әкімдігі жиһаз, жеңіл, тамақ, химия, фармацевтика, қағаз-целлюлоза өндірістерінің, құрылыс материалдарының, машина жасау салаларының бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері мен олардың ведомстволық бағынышты ұйымдарына мемлекеттік сатып алуда жергілікті сипатты қамтуларына қатысты ай сайын мониторинг жүргізледі.

Новости партнеров