Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков халықты онлайн қабылдай бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Қазіргі уақытта карантиндік режимнің жариялануына байланысты менің жеке қабылдауым уақытша тоқтатылды.Алайда, бүгін мен "Құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында азаматтарды бейнеконференция режимінде жеке қабылдауды бастадым», – деді Қалдыбеков.
Азаматтарды онлайн қабылдау барысында Алатау ауданының тұрғындарымен өзекті мәселелер көтеріліп, оларға тиісті түсініктемелер берілді, ұзақ мерзімді сұрақтарды шешу бойынша алдағы уақытта шаралар қабылдау үшін бақылауға алынды.
Сонымен қатар, азаматтарды онлайн қабылдау апта сайын жүргізіледі, алдын ала жазылу 299-86-72 нөмірі бойынша жүзеге асырылады.
«Сондай-ақ, азаматтарды онлайн қабылдау менің орынбасарларыммен аптасына 2 рет жүргізілетін болады. Коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша @toktassynov_adlet және әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша @sadyrkhanov_zhenis», – деп атап өтті ол.
Бұл іс-шаралар аудан тұрғындарымен кері байланыс орнатып, түйткілді сұрақтарына жауап алуға көмектеседі.