Алматыда Go Viral өңірлік фестивалі басталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Шараға АҚШ-тың қазақстандағы елшілері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда жыл сайын өтетін Go Viral өңірлік фестивалі басталды. Осымен 5 рет өтіп жатқан шараға АҚШ-тың қазақстандағы елшілері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv

Жартылай онлайн әрі офлайн форматтағы жиынға Орта Азия және Еуропа елдерінен жалпы 18 мемлекет қатысып, 2 мыңнан астам адам тіркелген. Мұнда көтерілген негізгі мәселе медиа мен бизнес және мәдениет, технология салалары. Ал, ұйымдастырушылар болса мұндай фестиваль алдағы уақытта Душанбе, Бішкек және Ташкент қаласында жалғасатынын айтады. 

«Фестиваль алдағы уақытта да жалғаса береді деген үмітім бар. Себебі, жобаның басты ерекшелігі Орта Азия елдерінен қатысып жатқан 10 мыңнан астам жалындап тұрған жастың ойлаған мақсаттарына жетуіне қолдау көрсету», – деді АҚШ-тың қазақстандағы елшісі Уильям Мозер.

«Осы жобаны 2017 жылы бастаған кезде креативті жастарды біріктіріп, түрлі мәселелерді жұмыла бірге шешсін деген мақсат көздегенбіз. Немесе әйелдердің құқықтары туралы немесе басқа да мәселелерді көтереміз», – деді ұйымдастырушы Гауһар Мұқаман.

Новости партнеров