Алматының Медеу ауданында 10 жылдан бері тұралап тұрған мәселе оңтайлы шешім тапты. Бұған дейін Атырау ықшам ауданында Рысқұлов даңғылына шығатын жердегі судың жиналуы тұрғындардың қозғалысына бөгет болған еді. Биыл онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жол салынды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Одан бөлек, ауданда түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Балалар ауласы да назардан тыс қалған жоқ. Ал демеушілер 39 жағдайы төмен отбасыға газ құбырын тартып берген.
«Есентайдың жағасы қазір әдемі болып тұр. Келер жылы адамдардың жүріп-тұруына, спортпен айналысуына өте ыңғайлы жағдай жасалына. Бұрын Терренкур өзенінің жағасында жүрсе, қазір Есентай өзенінің жағасында жүр Әл-Фарабиден жоғары жаққа қарай. Мына Жарбұлақ, Тіксай өзендері бітетін болса, ол да өз кезегінде ықшам аудандағы азаматтарға жүруіне, спортпен айналысуына өте ыңғайлы болмақ», – деді Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев
Орташа жөндеу жұмыстары - ұзындығы 25 км 28 көше;
Күрделі жөндеу жұмыстары - Думан ықшам ауданында 6 көше;
6062 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді:
«Бюджетке қатысу» жобасы:
83 жоба ұсынылды;
42 жоба талапқа сай мақұлданды.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы:
9 нысан жасалды;
370 адам жұмыспен қамтылған.
«Еңбек» бағдарламасы:
4 169 адам жұмыспен қамтылған.