|
02.03.2021 | 15:33
3175

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады

Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлімдеді

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады Фото: kn.kz

Биыл 10 наурыздан бастап «Алматы жастары» бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жылжымайтын мүлік нарығында бағаның өсуіне байланысты бұл жолы несиеге 18 миллион теңге беріледі. Ал, пайыздық мөлшерлеме 5 пайыз, бастапқы жарна 10 пайыз болмақ. Сонымен қатар бағдарламаға биыл құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ілігіп отыр. Пәтерлі болуға ниет білдіргендер үшін құжат тапсыру 31 наурызға дейін жалғасады.

«2020 жылы «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1000 пәтер пайдалануға берілді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау саласына - 316, білім саласы қызметкерлеріне - 300, мәдениет саласына - 107, спорт саласына - 36 баспана берілді. Сондай-ақ,  жоғарғы оқу орындарының қызметкерлеріне 129 үй және әлеуметтік сала мамандарына 30 пәтер бөлініп, БАҚ өкілдерінен 68 отбасы пәтерге ие болды», – деді қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир