Алматы қаласын қаншалықты білесіз

Алматы қаласын қаншалықты білесіз
Алматыға биыл 1005 жыл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тарихшылардың дерегіне сенсек, әсем қаламыз Алматыға биыл 1005 жыл. Оңтүстік астананың шежіресі көнеде жатыр. Сақтар мен орта ғасырлардағы ру-тайпалар қоныс тепкен киелі топырақта бүгін зәулім ғимараттар бой көтеріп, ел еңселі ғұмыр кешіп жатыр. Almaty.tv тілшілері қала күніне орай алматылықтар арасында шағын сауалнама жүргізіп көрген еді. Сюжетке назар салсақ.

Алматы ең алғашқы махаббатым,

Айқайлап атасам да атақ атың.

Көшесі көшпес баққа апаратын, ару қала.

Иә, Алматыны кім әнге қоспаған?! Кім сұлу сөздер арнамаған?! Асқаралы Алатауы, жайқалған жасыл бағы кімді де болсын баурап алады. Әне-міне дегенше қала күні де жақындап келеді. Осыған орай қазір біз тұрғындардың қаланы қаншалықты білетінін байқап көргіміз келіп тұр. Ендеше, кеттік!

Блиц-сауалнама:

- Алматы сіз үшін қандай қала?

- Мен үшін өте қанық дейді ғой. Мың түрлі, мың бояулы, құпиясы көп, сыры көп қала.

- Өте жақсы қала, өте жақсы көреміз. Сүйікті қаламыз.

- Несімен сүйікті?

- Ауа райымен, жел, тау.

- Мен үшін менің туған қалам. Өскен, қызықты, әдемі.

- Алматыға студент болып 93 жылы келдік. Содан бері Алматыда тұрамыз. Дамып жатырмыз, көркейіп жатырмыз. Бала-шағалы, үйлі болып жатырмыз.

- Алматыға қанша жыл толып жатқанын білесіз бе?

- Білмейді екенмін.

- Мың жыл. Мен өзім мың жыл деп ойлаймын. Енді біздің тарихымыз көнеден келе жатқан.

- Алматыға биыл 1005 жыл болды.

- Алматыда қанша вокзал бар, білесіз ба?

- Екеу.

- Алматыда екі вокзал бар.

- Алматыда қанша аудан ба?

- Жеті.

-12.

- Мүмкін 6.

- Негізі 5 аудан дейді енді. Алтыншысы қосылады деп жатыр.

- Аға, сегіз аудан бар.

- Алматыда қандай саябақтарды білесіңдер?

- Көп қой, Горкий парк, Президент саябағы,Панфилов.

- Барлық саябаққа барамын. Горкийға, Президент, Фемели паркке.

- Ал театр мен музейлерді білесіздер ме? Барасыздар ма?

- Әуезов, ТЮЗ, Лермонтов, Қастеев музейі бар.

- Балалар театры бар. Мұхатр Әуезов атындағы театры бар. Соған жас кезде баратынбыз.

- Алматы туралы қандай ән немесе өлең білесіздер?

- Алматым менің ба?.

- Алматы моя первая любовь.

- Айтып жібересіз бе бір шумағын?

- Ой нет, у меня слуха нет.

- Алматының түні қандай.... әрі қарай ұмытып қалдым.

- Жаныма от береді. Сағындым алма бағын, Сағындым Алматымды...

- Алматының түндері-ай, Алатаудың салқын самалындай. Алматының түндері-ай Ұйқымды ұрлап сен алатындай..

Мінекей тұрғындар сұрақтарға шама-шарқы келгенше әртүрлі жауап берді. Алматыны әркім әр қалай көреді. Әйтсе де миллиондаған адамға мекен болған Алматы әркімнің болсын жүрегінде ерекше орын алары анық.

Назкен Еркін, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров