Алматы елдегі жетекші инвестициялық орталық ретіндегі орнын нығайтып келеді

Қала әкімдгінің баспасөз қызметі
Қала әкімдгінің баспасөз қызметі

Бүгінде шаһарда жалпы құны 3,6 трлн теңгеден асатын 189 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы Қазақстанның жетекші инвестициялық орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін дәлелдеп отыр. Биыл қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қаланың негізгі капиталына 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке сектор үлесі – 1,1 трлн теңге, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде шаһарда жалпы құны 3,6 трлн теңгеден асатын 189 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастамалар 33 мың жаңа жұмыс орнын ашып, қаланың экономикалық дамуына қуатты серпін бермек.

Шағын және орта бизнес қала экономикасының негізгі тірегі болып қалып отыр, олар барлық жұмыс орындарының жартысын қамтамасыз етеді. 2025 жылы кәсіпкерлікті қолдауға 50 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді, бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Алматы туристер үшін де тартымдылығын сақтап келеді. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мегаполиске 1 миллионнан астам турист келді. Туризм қаланың экономикалық құрылымында маңызды бағытқа айналып, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.

Новости партнеров