Almaty Marathon: 27 қыркүйекте Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Марафон өтетін күні Алматының бірқатар көшелерінде қозғалыс уақытша шектеледі.
Биыл жарысқа әлемнің 60-тан астам елінен 16 мың адам қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2026 жылы 27 қыркүйекте 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 60-тан астам елінен 16 000 адам қатысады. Almaty Marathon ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні бірқатар жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелетінін хабарлайды.
27 қыркүйекте сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін марафон бағыты өтетін жол учаскелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қатысушылар өтіп болған сайын жол кезең-кезеңімен ашылады. Сөре Абай алаңында орналасады. Осыған байланысты Достық даңғылының Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағыттағы қозғалыс 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін жабылады. Абай даңғылының Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 15:00-ден 27 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін жабық болады.
Мәре Республика алаңында орналасады. Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы қозғалыс 26 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін жабылады. Сондай-ақ Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жабылады.
Абай даңғылының Момышұлы көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағыттағы қозғалыс сағат 06:00-ден 09:15-ке дейін жабылады. Балама бағыт ретінде әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады.
Абай даңғылының Сейфуллин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағыттағы қозғалыс сағат 08:00-ден 10:35-ке дейін жабылады. Балама бағыт ретінде әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады.
Сәтбаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі екі бағыттағы қозғалыс сағат 08:40-тан 10:55-ке дейін жабылады. Балама бағыт ретінде Төле би көшесімен және әл-Фараби даңғылымен жүруге болады.
Бөгенбай батыр көшесінің Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:35-тен 11:15-ке дейін толық жабылады. Көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі.
Қабанбай батыр көшесінің Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:50-ден 12:00-ге дейін толық жабылады. Көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі.
Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 09:05-тен 12:50-ге дейін жабылады. Балама бағыт ретінде әл-Фараби даңғылымен және Төле би көшесімен жүруге болады.
Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:30-дан 12:50-ге дейін жабылады.
Құрманғазы көшесінің Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 09:25-тен 13:30-ға дейін толық жабылады.
Наурызбай батыр көшесінің Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігі сағат 09:35-тен 13:30-ға дейін толық жабылады.
Абай даңғылының Сейфуллин даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін толық жабылады.
Жолдарды жабу кестесі қатысушылардың маршрут бойынша қозғалу уақыты ескеріле отырып жасалған.
Almaty Marathon 2026 кезінде жолдардың жабылу кестесі
|
26–27.09.2026 |
|
|
26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін |
Достық д-лы (Сәтбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін) |
|
26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін |
Желтоқсан к-сі (Абай даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейін) |
|
26 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін |
Сәтбаев к-сі (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) |
|
26 қыркүйек сағат 15:00-ден 27 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін |
Абай д-лы (Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін) |
|
27.09.2026 |
|
|
08:00–09:15 |
Абай д-лы (Сейфуллин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейін) |
|
08:00–10:35 |
Абай д-лы (Момышұлы көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін) |
|
08:40–10:55 |
Сәтбаев к-сі (Желтоқсан көшесінен Масанчи көшесіне дейін) |
|
08:35–11:15 |
Бөгенбай батыр к-сі (Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейін) |
|
08:50–12:00 |
Қабанбай батыр к-сі (Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейін) |
|
09:05–12:50 |
Шевченко к-сі (Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейін) |
|
08:30–12:50 |
Достық д-лы (Құрманғазы көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін) |
|
09:25–13:30 |
Құрманғазы к-сі (Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейін) |
|
09:35–13:30 |
Наурызбай батыр к-сі (Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейін) |
|
06:00–13:30 |
Абай д-лы (Достық даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін) |
Абай алаңына автокөлікпен жетудің ұсынылатын бағыттары:
1. Достық даңғылымен солтүстік бағытта Сәтбаев көшесіне дейін.
2. Достық даңғылымен оңтүстік бағытта Құрманғазы көшесіне дейін.
3. Зенков көшесімен оңтүстік бағытта Құрманғазы көшесіне дейін, одан әрі Абай алаңына жаяу жетуге болады.
4. Назарбаев даңғылымен солтүстік бағытта Абай даңғылына дейін, одан әрі Абай алаңына жаяу жетуге болады.
5. Қонаев көшесімен Абай даңғылына дейін.
6. Метромен «Абай» бекетіне дейін.
Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына жетудің оңтайлы бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы құруға болады.
27 қыркүйекте 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon өтеді. Қатысушылар үшін келесі қашықтықтар қолжетімді: 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, 21,1 км, 42,2 км және командалық Экиден эстафетасы. Биыл жарысқа әлемнің 60-тан астам елінен 16 000 қатысушы шығады.
Сөреге шығу уақыты
06:00 – A, B, C, D, E және F кластерлеріне арналған 10 км қашықтықтың басталуы.
06:15 – G, H, K, L, M және N кластерлеріне арналған 10 км қашықтықтың басталуы.
07:30 – 42,2 км қашықтық пен командалық Экиден эстафетасының басталуы.
07:45 – 21,1 км қашықтықтың басталуы.
Almaty Marathon Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Almaty Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры, Krida фитнес-клубы және академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.
Оқи отырыңыз: Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді